![Геннадий Головкинмен тең дәрежеде жұдырықтасамын - Рубио](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39697.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мексикалық боксшы Марко Антони Рубио қазақстандық Геннадий Головкиннен жеңілмейтінін мәлімдеді.
«Геннадий Головкин мықты боксшы, сондықтан онымен айла-әдіс қолданып жұдырықтасу қажет. Яғни, дәл алдынан соққылар жасамай, бұрышқа тақап, оңыннан және солынан құйтырқы соққылар жасау керек. Бірақ, жекпе-жек тең дәрежеде өтетін секілді. Көп боксшы Геннадийдің күшінен қорқады. Меніңше, ең мықты боксшы – Хулио Сезар Чавес немесе Келли Павлик», - дейді Марко Антони Рубио.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антони Рубио арасындағы жекпе-жек 18 қазан күні Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub стадионында өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Геннадий Головкинмен тең дәрежеде жұдырықтасамын - Рубио&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89383/)