![«KAZsport» телеарнасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық ойынын көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39708.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Ұлттық құрамасының Еуро-2016 іріктеу кезеңіндегі барлық ойындарды жанкүйерлер «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре алады.
4-ші қыркүйек күні сағат 20:15-те «KAZsport» телеарнасының тікелей эфирінен Қазақстан мен Франция жастар құрамасының ойынын тамашалай аласыздар. Ал, бұл мачтың қайталауын сағат 00:35-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көруге болады.
Сонымен қатар, 5-ші қыркүйк күні сағат сағат 19:00-де Қазақстан мен Қырғыз елінің құрамаларының арасындағы жолдастық кездесуін және 9-шы қыркүйек күні Еуро-2016 іріктеу турнирі аясындағы Латвияға қарсы өтетін ойынды екі телеарна тікелей эфирде көрсетеді. Бұл ойын 22:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу турнирінде Латвиядан бөлек Нидерланд, Чехия, Түркия және Исландия құрамаларымен бір топқа түсті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«KAZsport» телеарнасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық ойынын көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89394/)