![Мемлекет басшысының Жарлықтарымен ҚР-нің елшілері тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39724.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен ҚР-нің бірқатар елдегі елшілері тағайындалды, бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі;
Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі;
Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халықтық-Демкократиялық Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысының Жарлықтарымен ҚР-нің елшілері тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89410/)