![Қазақстанда тамыз айындағы инфляция деңгейі 0,4 пайызды құрады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39731.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда 2014 жылдың тамыз айында инфляция деңгейі өткен аймен салыстырғанда 0,4 пайызды құрады. Жылдың басында - 5,4 пайыз болса, жылдық көрсеткіш - 7,1 пайыз.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, тамыз айында азық-түлік бағасы - 0,1 пайызға төмендеген. Ал, тағамдық емес тауарлар - 1,1 пайызға, ақылы қызметтер құны - 0,4 пайызға артқан.
Оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы қызметтер - 1,4 пайызға, қоғамдық көліктерде жүру құны - 0,8, мейрамханалар мен қонақүйлер қызметі - 0,7 пайызға, тұрғын үйлерді жөндеу - 0,5, шаштараз бен жеке қызметтер құны 0,3 пайызға көтерілді.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласы бойынша газ бағасы 1,4 пайызға, ал, ыстық су 0,4 пайызға қымбаттаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда тамыз айындағы инфляция деңгейі 0,4 пайызды құрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89417/)