![«Мисс Хан Шатыр-2014» байқауының жеңімпазы анықталмақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39787.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2014 жылдың 26 шілдесі мен 26 тамызы аралығында «Мисс Хан Шатыр-2014» сұлулық байқауына іріктеу жүргізіліп, еліміздің ең сұлу 20 аруы анықталды.
Осыған орай «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі конкурс қатысушыларына арнайы бағдарлама әзірледі.
3-6 қыркүйек аралығында арнайы фотосессия, таныстыру мен ақтық сынға дайындық жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, арулармен мамандандырылған шаш әрлеушілер, стилистер мен фотографтар жұмыс жасады.
Осының барлығынан тәжірибе жинаған сұлулар енді өз мүмкіндіктерін 7 қыркүйекте көрсететін болады.
Ал жеңімпаз атанған аруларға қаржылай сыйлықтар: «Мисс Хан Шатырға»-10 000$, I Вице мисске-5 000$, ал II Вице мисске -3 000 АҚШ доллары табысталады.
Сұлулық байқауында қыздар ұлттық көйлектермен қатар, отандық дизайнерлердің кешкі үлгідегі көйлектерін көпшілік назарына ұсынады.
Ал іс-шараны елімізге белгілі әншілер Айқын Төлепберген мен Мақпал Исабекова жүргізеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Мисс Хан Шатыр-2014» байқауының жеңімпазы анықталмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89473/)