![Әлемде балаларға зорлық-зомбылық көрсету кеңінен таралуда – ЮНИСЕФ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39816.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әлемде балаларға зорлық-зомбылық көрсету кеңінен таралуда, деп хабарлайды БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ).
«Бұл - ащы шындық. Мұны үкімет те, ата-аналар да мойындағысы келмейді. Бірақ, әр статистиканың артында сәбидің өмірі тұр. Егер бұл мәселені мойындамасақ, балаларға күш көрсету – қалыпты жағдай деген пікірді өзгерте алмаймыз», - дейді ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Энтони Лейк.
Осы мәселеге қатысты аталған ұйым 190 елдегі зорлық-зомбылық туралы мәліметтер жинаған. Зерттеу жұмысы көрсеткендей, зорлық-зомбылық көрген балаларын жұмыссыз жүру, кедейлікте өмір сүру және айналасындағыларға күш көрсету мүмкіндігі жоғары.
ЮНИСЕФ балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылыққа жол бермеу және азайту мақсатында алты стратегия ұсынады. Олар ата-аналарға қолдау көрсету, балаларға қорқынышсыз өмір сүруге икемдеу, күш көрсетуге қатысты қоғамның пікірін өзгерту, сот ісін, қылмыстық-құқықтық және әлеуметтік жүйе мен қызметтерді күшейту және т.б мәселелерді қамтиды.
«Балаларға күш көрсету – күнде және барлық жерде жасалуда. Мұндай әрекет қоғамның құрылымын бұзуға әсерін тигізуде. Бірақ бұл жағдайдан шығатын жол жоқ емес. Зорлық-зомбылықты тоқтатуға болады», - дейді Энтони Лейк.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемде балаларға зорлық-зомбылық көрсету кеңінен таралуда – ЮНИСЕФ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89502/)