![Бүгін Қостанайда Денсаулық күні өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39865.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Қостанайда Денсаулық күні өтеді. Шара аясында «Жаяу жүргіншілер сағаты» акциясы, музыканың сүйемелдеуімен флеш-моб, сондай-ақ, спорт алаңдары да жұмыс істейтін болады.
Ал медицина мекемелерінің қызметкерлері кез келген адамға экспресс-сараптама, бойының ұзындығы, салмақ өлшемі, қан қысымы сынды қызметтерін ұсынады. Бастысы, «Олимпиада күні» атты облыстық жеңіл атлетикалық жүгіру шарасы өтеді.
Денсаулық күнін ұйымдастырушылар – Қостанай облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы.
Барлық шара облыстық әкімдіктің алдындағы алаңда өтеді. «Жаяу жүргіншілер сағаты» 09.00-де, «Олимпиада күні» атты облыстық жеңіл атлетикалық жүгіру шарасы – 10.45-те басталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Қостанайда Денсаулық күні өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89551/)