![Игілік Омаровтың «Жарқын бейнесі»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39894.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бала кезінен байқаудың алдын бермеген дәстүрлі әнші Игілік Омаров турасында Бекболат Тілеухан: «Бұл кісінің құбылыс екені сөзсіз. Ешкімге ұқсамайтын»,- деп еске алады.
Алматыны Арқаның әндерімен сусындатқан әншіні дәріптейтін шәкірттері: «Біздің Жаңаарқаның төрінде Икең бастаған дәстүрлі әннің үлкен мектебі қалыптасты»,- дейді.
Ал Қазақстанның Халық әртісі Қайрат Байбосынов: «Жүрек сырын айтқан кездегі, жүрекпен толғаған кездегі ол кісінің жүрегіндей жүрек ешбір әншіде жоқ»,- дейді.
Сазгер, термеші Игілік Омаровтың «Жарқын бейнесі» бүгін 16.35-те Ұлттық арнада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Игілік Омаровтың «Жарқын бейнесі»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89580/)