![Алматыда өрт сөндіру-құтқару спортынан әлемдік біріншілік басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39907.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматыда өрт сөндіру-құтқару спортынан X Әлем чемпионаты басталды.
Шараның ашылу салтанатына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысып, әлемдік жарыс Қазақстандағы аталмыш спорттың дамуына жаңа қарқын беретінін айтты.
«Халықаралық жарыс еліміздегі өрт сөндіру-құтқару спортының дамуына серпін бермек. Сондай-ақ, шара салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жастар арасында спорттың осы түріне деген қызығушылықты арттырады», - деді шаһар басшысы өз сөзінде.
Ахметжан Есімов өрт сөндірушілер мен құтқару қызметі мамандарының кәсіби деңгейінің жоғары дәрежеде екендігін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда өрт сөндіру-құтқару спортынан әлемдік біріншілік басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89593/)