![«Астана арландары» елордаға келді (ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39914.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дүниежүзілік бокс сериясында сынға түсіп жүрген «Астана арландары» бокс клубының мүшелері «Куба қабыландарымен» жекпе-жек өткізу үшін елордаға келіп жетті. Боксшыларды Астанаға клуб директоры Болат Манкенов бастап келді.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасы 9-10 қыркүйек күні Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана арландары» елордаға келді (ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89600/)