![Өскемен тұрғындары қала күнін 10-13 қыркүйекте атап өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39916.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
10-13 қыркүйек аралығында Өскемен қаласының тұрғындары қала күнін атап өтеді. Осыған орай, бірқатар іс-шара жоспарланған.
10 қыркүйек, 17.00-де «Восток» стадионында ҚР Президенті жүлдесі үшін V халықтық спорт ойындарының ашылуы;
10 қыркүйек, 19.30-да «Восток» стадионында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Өркендеп, өрлей бер, Өскемен!» атты концерт өтеді.
12 қыркүйек, 19.00-де Республика алаңында иллюзион-шоу және көше биінің фестивалі өтеді. Ал, 14.00-де қала күніне арналған фотокөрме ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, қала күнін мерекелеу аясында 13-қыркүйекте «Tour de Oskemen» веложарысын, ұлттық ат спорты түрлерінен қалалық біріншілік, 14-қыркүйекте классикалық раллиден қалалық чемпионат өткізу жоспарланған.
Мерекелік шаралар тізбегі Отбасы күніне арналған «Қазақстан отбасы-2014» байқауының нәтижесі бойынша өтетін форуммен қорытындыланбақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскемен тұрғындары қала күнін 10-13 қыркүйекте атап өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89602/)