![Павлодарда Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші бой көтереді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39917.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Үстіміздегі жылдың 19 қыркүйегінде Ж.Аймауытовтың 125 жылдық мерейтойын атап өту іс-шаралары аясында Павлодарда қазақ ұлтының біртуар перзенті, жазушы, драматург, Алашорда қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші бой көтереді.
Ескерткіш қаладағы қазақ музыкалық драма театры алдына орналастырылмақ.
Сондай-ақ, шара аясында Ж. Аймауытовтың есімі берілген облыстық театрда ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.
Жазушы мерейтойы Баянауыл ауданында да жалғасын табады. Мойылды алқабында «Ардақты Алаш азаматы» атты музыкалық-әдеби кеш және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.
pavlodarnews.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші бой көтереді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89603/)