![Нисикори US Open турнирінде Джоковичті сүріндірді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39933.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жапондық Кэй Нисикори АҚШ-тың теннистен ашық чемпионатының жартылай финалында серб Новак Джоковичтен басым түсіп, ақтық сайысқа шықты. Есеп - 6:4, 1:6, 7:6, 6:3.
Нисикори «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шыққан тұңғыш жапондық. Ал Джокович болса, 2009 жылдан бері алғаш рет US Open финалына жете алған жоқ.
Азиялық спортшы 8 қыркүйекте өтетін ақтық сайыста Марин Чиличпен кездеседі. Бұл турнирдің жүлде қоры -3 8 миллион АҚШ доллары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нисикори US Open турнирінде Джоковичті сүріндірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89619/)