![FILA атауы өзгерді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39940.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында еркін және грек-рим күресі бойынша өтетін Әлем чемпионатының алдында Халықаралық күрес түрлері федерациясының кезекті конгресі өтті.
Конгресте көтерілген негізгі мәселе – Халықаралық күрес түрлері федерациясының атауын өзгерту болды. Көпшіліктің қолдауы бойынша енді FILA атауы UWW (United World Wrestling - Дүниежүзілік күрес ұйымы) деп аталатын болды.
Естеріңізге сала кетейік, күрестен Әлем чемпионаты ертең басталады. Онда әлемнің 90 елінен 800-ге жуық палуан 24 салмақ бойынша бақ сынайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=FILA атауы өзгерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89626/)