![Атырауда әлемдік дәрежедегі көрме орталығы салынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39947.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырауда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысатын Қазақстан мен Ресей арасында аймақаралық форумға байланысты әлемдік дәрежедегі көрме орталығы салынады.
«Көрме орталығының аумағы 3 мың шаршы метрді алып жатыр. Атырауда мұндай әлемдік дәрежедегі көрме орталығының құрылысында жарықтандырудың қуат үнемдеу жүйесі пайдаланылды. Ғимаратты жарықтандыру үшін тек 10кВт кетеді», - дейді көрмені салып жатқан компанияның бас директоры Руслан Коломиец.
Орталық құрылысы 15-ші қыркүйекте аяқталады. Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық әріптестік форумы қыркүйектің соңында өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда әлемдік дәрежедегі көрме орталығы салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89633/)