![Өрт сөндіру-құтқару спорт түрінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлдеге ие болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39961.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда өрт сөндіру-құтқару спорт түрінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық қыздар 4х100 метр эстафеталық сайыста қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәреге 65,52 секундта келген қазақстандық қыздар 3-ші орын алды. Команда құрамы – Камила Баранник, Наталья Герасименко, Александра Гулюкина, Марина Колотова.
Естеріңізге сала кетейік, өрт сөндіру-құтқару спорт түрінен өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 14 елінен 300-ге жуық спортшы қатысуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өрт сөндіру-құтқару спорт түрінен өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы қола жүлдеге ие болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89647/)