![Астанада «Күзгі тарту» көрмесі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39965.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
11-17 қыркүйек аралығында Астанадағы Конгресс-Холлда елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған «Күзгі тарту» көрмесі ашылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Конгресс-Холл әкімшілігінің хабарлауынша, биыл көрмеде көпшілік назарына Ресейден әкелінген зергерлік бұйымдар, аксессуарлар, елімізде және шетелде шығарылған киім-кешектер, оңтүстіккореялық және үнділік сәнді косметика, кітаптар, аң аулау мен балық аулауға арналған жабдықтар, шай мен балдың ондаған түрі және т.б. ұсынылады.
Көрме сағат: 10.00-20.00 аралығында жұмыс істейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Күзгі тарту» көрмесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89651/)