![Бүгін футболдан Қазақстан – Латвия арасындағы кездесуге қатысты телекөпір өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39966.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астана уақытымен 21.04-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында футболдан Еуро-2016 чемпионатының іріктеу кезеңінің басталуына орай Астана мен Алматы арасында телекөпір өтеді.
Қазақ футболшылары алғашқы ойында Латвия құрамасын қабылдайды. Бұл матч ертең «Астана Арена» стадионында Астана уақытымен сағат 22.00-де басталады.
Қазақстан-Латвия матчын Ұлттық телеарна мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кету керек, бұған дейін екі құрама да жолдастық кездесу өткізген. Латвия құрамасы өз елінде Армения құрамасынан 2:0 есебімен басым түссе, Қазақстан құрамасы Қырғыз Республикасының ойыншыларын 7:1 есебімен ойсырата ұтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін футболдан Қазақстан – Латвия арасындағы кездесуге қатысты телекөпір өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89652/)