![«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» жекпе-жекке дайын (ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39979.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астана қаласындағы «Park Inn» қонақүйінде «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы чемпиондар айқасының алдында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Сондай-ақ, соңынан салмақ өлшеу рәсімі өтті.
«Астана арландары» былтырғы маусымда Бостандық аралы боксшыларымен екі рет кездескен. Алматыда өткен алғашқы жекпе-жекте боксшыларымыз 2:3 есебімен жеңілген болса, Кубада өткен қарымта кездесуде 5:0 есебімен ұтылған болатын.
Алыптар айқасы 9-10 қыркүйек күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде сағат 20:00-де басталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» жекпе-жекке дайын (ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89665/)