![«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасы өтпек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40020.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасы өтеді. Жекпе-жекте 10 салмақ дәрежесіндегі боксшылар екі күнге бөлініп жұдырықтасады. Бүгін алғашқы 49, 56, 64, 75, 91 келі салмақтағы боксшылар рингке көтерілсе, ертең 52, 60, 69, 81, +91 келі салмақтағы боксшылар шығады.
Алғашқы 5 жұп:
Мардан Берікбаев - Сантьяго Амадор (49)
Бағдат Әлімбеков - Робейси Ромирес (56)
Асхат Уәлиханов - Ясниер Толедо (64)
Ерік Әлжанов - Арлен Лопес (75)
Алмат Серімов - Эрисланди Савон (91)
Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасы «Дәулет» спорт кешенінде сағат 20:00-де басталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасы өтпек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89706/)