![Қостанай облысында шағын кәсіпкерлік дамып келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76307.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қостанай облысында мемлекеттің қолдауының арқасында шағын кәсіпкерлер саны артып келеді.
Мысалы, бір ғана Таран ауданында биыл 25 адам өз кәсібін ашып отыр. Яғни, осынша адамға «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 57 миллион теңге несие берілген.
Мұның сыртында тағы 4 өтініш қаралып жатыр. Егер бизнес жоспары талапқа сай келсе олардың да өз ісін бастауына мүмкіндік туады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында шағын кәсіпкерлік дамып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8973/)