![Бағдат Әлімбеков жеңіске жете алмады (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40044.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Астана Арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы жекпе-жектің екінші жұбында 56 келідегі боксшылар Бағдат Әлімбеков пен Робейси Рамирес жұдырықтасты.
«Астана арландары» сапында үш жыл шаршы алаңға шығып жүрген Бағдат Әлімбеков тәжірибелі боксшылардың бірі. WSB-ның үшінші маусымында «арландарға» чемпиондық атақты сыйлағаны баршаға белгілі.
Ал, оның қарсыласы Робейси Рамирес осыдан екі жыл бұрын Лондон Олимпиадасында 52 келіде жеңімпаз атанған еді.
Бұл жекпе-жекте кубалық боксшы Робейси Рамирес 3:0 есебімен жеңіске жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бағдат Әлімбеков жеңіске жете алмады (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89730/)