![Қазақстан – Латвия 0:0 есебімен тең түсті (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40054.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Латвия футболшылары 0:0 есебімен тең тарқасты.
Ойында 9 бұрыштама добын көтеріп, қақпаға қарай 9 рет соққы бағыттаған Қазақстан құрамасы есеп аша алмады.
Осылайша, Юрий Красножан шәкірттері «А» тобында Латвия құрамасы сияқты 1 ұпайға қол жеткізді.
«А» тобының қалған ойындары 00:45-те басталады. Қалған матчтарда Исландия Түркияны, ал Чехия Нидерланд футболшыларын қабылдайды.
Енді Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің келесі матчын 10 қазан күні Нидерландта өткізеді.
Фото: vesti.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан – Латвия 0:0 есебімен тең түсті (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89740/)