![Алматыда Отбасы күніне орай велошеру өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40114.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
12 қыркүйек күні Алматыда Отбасы күні және «Тур Алматы-2014» кәсіби веложарысын қолдау аясында кешкі велошеру өтеді.
Велошеру сағат 21.00-де әл-Фараби мен Тәттімбет көшелерінің қиылысынан басталып, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта мәресіне жетпек.
Осыған байланысты, сағат 20.30-дан 21.00-ге дейін әл-Фараби даңғылының бойы - Тәттімбет көшесінен бастап, Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі жабылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Велошеруге қатысушыларға түрлі сыйлықтар табысталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Отбасы күніне орай велошеру өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89800/)