![Астанада Қонысбай Әбілдің шығармашылық кеші өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40126.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
12 қыркүйекте Астанада «Конгресс-холл»-да ақын Қонысбай Әбілдің шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды astana.kz.
Қонысбай Әбіл - Қазақстанның халық ақыны, «Парасат» орденімен және т.б. төсбелгілермен марапатталған. Ол бірнеше кітаптың авторы және 30-дан астам ән жазған.
Соның ішінде қазақ әндерінің антологиясына енген «Бала махаббаты», «Аңсау» әндері де бар. Қонысбай Әбіл - бірқатар сатиралық және прозалық шығарманың авторы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Қонысбай Әбілдің шығармашылық кеші өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89812/)