![Павлодар облысында Жас депутаттар форумы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40156.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
26-27 қыркүйек күндері Павлодар облысында Жас депутаттар форумы өтпек. Форумның басты мақсаты – жастар ортасында жергілікті өзін-өзі басқару идеяларын насихаттау.
Форум бағдарламасы аясында «Жергілікті өзін-өзі басқару іс жүзінде» атты тренинг, «Жергілікті өзін-өзі басқару дамуы жолындағы жастардың рөлі» пікірталас алаңы ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, «Аймақтық жастар саясатының дамуы» атты жалпыхалықтық тыңдау өтеді.
Шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен жергілікті депутаттар қатысады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында Жас депутаттар форумы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89842/)