![«ТӘЖ» клубының мақсаты - мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40169.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Таңшолпан» ақпараттық-сазды бағдарламасына XV Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, ақын, режиссер Балтабек Нұрғалиев және ақын Қабиден Қуанышбайұлы «ТӘЖ» (Тәуелсіздік. Әдебиет. Жастар) атты қаламгерлер клубы туралы кеңінен айтып өтті.
«Қауымдастықтың атауы – «ТӘЖ». Яғни, нышандық мәнде арнайы осы атты алып отырмыз. Бұл клубты ашуға мұрындық болған Ұлттық кітапхана директоры – Үмітхан Дәренбекқызы. Ал, «ТӘЖ» клубының жетекшісі халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, ақын - Ерлан Жүніс», - дейді Балтабек Нұрғалиев.
«Жалпы, Ұлттық кітапхананың мақсаты – оқырмандармен ақындарды табыстыру болса, клубтың басты мақсаты кітапханаға келуші мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру, жастардың рухын көтеру, білімге, ақындыққа баулу», - дейді Қабиден Қуанышбайұлы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«ТӘЖ» клубының мақсаты - мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беру&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89855/)