![«Алтын тұлпар». Бас жүлдені Бақторы атты тұлпарды тізгіндеген шабандоз Мейірхан Жолдасұлы жеңіп алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40241.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана маңындағы Қабанбай батыр ауылындағы «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі мәресіне жетті. Бас жүлдені Бақторы атты тұлпарды тізгіндеген Қарағанды облысының шабандозы Мейірхан Жолдасұлы жеңіп алды. Оның бапкері – Жолдыбай Кенжегұлов. Екінші орынды оңтүстікқазақстандық Ж. Сүлейменқұлов иеленді. Үшінші орын Қарағанды облысының тағы бір өкілі Еркебұлан Ермағанбетовке бұйырды.
1-орын: Мейірхан Жолдасұлы (Қарағанды облысы).
2-орын: Жеңіс Сүлейменқұлов (Оңтүстік Қазақстан облысы).
3-орын: Еркебұлан Ермағанбетов (Қарағанды облысы).
4-орын: Азамат Айтжанов (Жамбыл облысы).
5-орын: Әлібек Жұмабеков (Алматы облысы).
6-орын: Ермек Қасен (Алматы облысы).
7-орын: Асхат Мұратхан (Оңтүстік Қазақстан облысы).
8-орын: Айдар Жайдар (Жамбыл облысы).
9-орын: Наурыз Қайырғалиев (Ақтөбе облысы).
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алтын тұлпар». Бас жүлдені Бақторы атты тұлпарды тізгіндеген шабандоз Мейірхан Жолдасұлы жеңіп алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89927/)