![Қазақстандық 9 университет әлемнің ең үздік ЖОО-дары қатарына кірді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40279.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның 9 университеті әлемдегі ең үздік Жоғары оқу орындарының қатарына енді, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.
«Бүгінде QS рейтингісі бойынша біздің бір жоғары оқу орнымыз ТОР-300 тізіміне кіреді. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Ал ТОР-400-ге Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті енеді», - деді Тахир Балықбаев.
Оның айтуынша, тағы 7 қазақстандық университет ТОР-800-ге тұрақтап отыр.
Вице-министрдің айтуынша, 2010 жылы Болон процесіне қол қойылып, Қазақстанда бірқатар ұстанымдар енгізілген болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық 9 университет әлемнің ең үздік ЖОО-дары қатарына кірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89965/)