![8-16 қазан аралығында «Қазақстан» телерадиокорпорациясында техникалық үзіліс болуы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40293.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазтелерадио» АҚ хатына сәйкес, 2014 жылдың 8-16 қазан күндері аралығында техникалық үзілістер мен спутниктік байланыс қызметінің сапасы төмендеуі мүмкін. Бұл – Күннің әсерінен спутниктік байланыс желілерінің нашарлауымен байланысты.
«KazSat2», «IntelSat2/86.5E» және «IntelSat 904/60E» спутниктерімен жұмыс істейтін «Қазақстан» ҰТА, «Балапан», «KAZsport» телеарналары, Қазақ радиосы, «Шалқар» Ұлттық арнасы, «Астана», «Classic» радиоларының жұмыс сапасы нашарлауы мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=8-16 қазан аралығында «Қазақстан» телерадиокорпорациясында техникалық үзіліс болуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89979/)