![Астанада қыздар институты ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40322.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада тұңғыш рет «Қазақ қызы» мәдени-инабаттылық қыздар институты ашылады.
Оқыту-тәрбие беру институтының мақсаты - қазіргі заманғы әлемнің өркениетті-мәдени кеңістігінде қазақ қыздарының ұлттық келбетін, жарасымды өнегесін таратуға қолдау көрсету, қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттау.
Оқу орнының ашылуы 18-қыркүйекте өтеді. Қыздар институтының ашылуына қоғам қайраткерлері, саясаткерлер қатысады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада қыздар институты ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90008/)