![Бибігүл Төлегенова атындағы VII Халықаралық вокалистер байқауы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40342.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада 21 қыркүйек күні Бибігүл Төлегенова атындағы VII Халықаралық вокалистер байқауы шымылдығын ашады. Оған Қазақстаннан, таяу және қиыр шетел мемлекеттерінен келген 64 әнші қатысады, деп хабарлады astana.kz.
Сондай-ақ, Франция, Болгария, Литва, Молдова, Ресей, Арменияның опера өнерінің мэтрлерінен құралған қазылар алқасы қатысушыларға өз бағасын берді. Әдеттегідей, қазылар алқасының төрайымы - КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик Бибігүл Төлегенова болады.
Музыкалық шара жас дарынды орындаушыларды анықтап, қазақтың классикалық өнерінің беделін арттыруды, жастардың рухани дамуына ықпал етуді мақсат тұтады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бибігүл Төлегенова атындағы VII Халықаралық вокалистер байқауы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90028/)