![Павлодарда жылу беру маусымы 1 қазаннан басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40374.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 қазаннан бастап Павлодарда жылу беру маусымы басталады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесінің сектор бөлімінің жетекшісі Алмаз Мусинов мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазіргі уақытта облыс орталығында жылу беру маусымына 95 пайыз тұрғын үй дайын.
Әлеуметтік нысандар – балабақша, аурухана, мектептерге олардың басшылығынан тапсырыс түскен кезде жылу берілетін болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда жылу беру маусымы 1 қазаннан басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90060/)