![«Әйел бақыты» бағдарламасының радио нұсқасы – Қазақ радиосында](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40377.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгінен бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасында өтетін «Әйел бақыты» бағдарламасы Қазақ радиосының әуе толқынынан эфирге шығады. Енді әр сәрсенбі сайын сағат 12:35-те Ләйлә Сұлтанқызының жүргізуінде бағдарламаның радио нұсқасын тыңдауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, 8 (7172) 55-33-55 байланыс телефонына хабарласып, өзіңізді толғандырып жүрген мәселелер жөнінде ой-пікіріңізді білдіруге болады.
Айта кетейік, «Әйел бақыты» - өмірдің қиын кезеңдерінде жолбасшы-серік болып, әйелдерге ақыл-кеңес беруді көздеген жоба. Мақсат - халқымыздың дәстүрімен, заманмен үйлестіре отырып, әйелдердің өзіне деген сенімін ояту, қолдау көрсету.
Хабардың бүгінгі шығарылымында отбасын құру және оны сақтап қалу, сондай-ақ, ажырасу мәселелері талқыланды.
«Ажырасу туралы шешімді бірінші болып әйел адам қабылдайды», - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Хабардың бүгінгі шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әйел бақыты» бағдарламасының радио нұсқасы – Қазақ радиосында&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90063/)