![Елімізде National Geographic үлгісі бойынша деректі фильм түсіріледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40388.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақфильм» National Geographic үлгісі бойынша Қазақстанның табиғаты туралы деректі фильмдер сериясын түсіреді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Бөрібаев айтты.
«Біз «Қазақфильмге» National Geographic-тің үлгісіне сүйене отырып, Қазақстанның табиғаты туралы деректі фильмдер сериясын түсіруді тапсырдық. Басты мақсат – туған өңір тарихын тану. Өйткені, біздің тарихымыз бен салт-дәстүріміз өте бай. Бізде тау да, өзен де, теңіз де бар. Жуық арада осылардың барлығын теледидардан тамашалау мүмкіндігіне ие боламыз», - деді Асқар Бөрібаев.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде National Geographic үлгісі бойынша деректі фильм түсіріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90074/)