![2015 жылдың аяғына дейін ҚТЖ жүрдек пойыздарға 200-ден астам жаңа вагон алады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40422.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2016 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы жүрдек пойыздар үшін 200-ден астам вагон алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2015 жылдың аяғына дейін 325 жолаушылар вагондары алынады, оның ішінде 224-і «Тұлпар-Тальго» зауытының вагондары. Жалпы 2010-2020 жылдар аралығында 1,5 мыңнан астам жаңа жолаушылар вагондары сатып алынады»,-делінген хабарламада.
Атап айтқанда, 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін жолаушылар тасымалы үшін 475 дана жылжымалы жаңа құрам пайдалануға алынды, оның 212-сі «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагоны, 150 вагон ТМД зауаттарынан шыққан, тағы 75-і қала маңында қатынайтын жылжымалы құрам.
Биыл теміржол желісіне 62 жаңа жолаушылар вагоны шықты. Бұның 52-сі Тверь вагон құрылысы зауытынан жеткізілсе, 10-ы отандық «Тұлпар-Тальго» зауытынан шықты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2015 жылдың аяғына дейін ҚТЖ жүрдек пойыздарға 200-ден астам жаңа вагон алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90108/)