![Қазақы өнерді дамытып жүрген жастар](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40427.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елдос Жақсынов – зергерлік өнерді жанына серік еткен жан. Атадан қалған көне кәсіпті дамытуға үлесімді қоссам, дейді. Жүзік, сырға, білезік сынды әшекей бұйымдар жасайды.
«Өткенімізді білмей, кемел болашаққа қадам жасай алмаймыз. Бұл – біздің мәдениет, бұл – біздің қолөнер. Қазақтың иісі болғаннан кейін осы кәсіпті өзіме жақын тарттым», - дейді зергер.
Шебер Ерболат Қарабдал: «Қазақтың байырғы өнерлері – құмарашылық, ағаш өнерін дамытып жатырмыз. Арнайы үйірмелеріміз де бар. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Құланшы» деген галереяда жеке студиямыз бар»,-дейді.
Қазақы өнерді дамытып жүрген жастардың тірлігімен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақы өнерді дамытып жүрген жастар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90113/)