![Елордада 20 қыркүйектен 2 қарашаға дейін ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40447.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елорда әкімдігінің бастамасымен жыл сайын ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі.
Биыл отандық тауар өндірушілер өнімдерін 20 қыркүйектен 2 қарашаға дейін демалыс күндері Астана әкімдігінің алдындағы алаңда сатады.
ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, ауылшаруашылық жәрмеңкелері кезеңінде құқық қорғаушылар фермерлердің өнімдер автокеруенін іс-шара өткізу орнына алып барады. Жол-патрульдік полиция экипаждары аумақтық ІІО полицейлерімен автокеруенді «Рубеж» бекетінен қарсы алады.
Полиция қызметкерлері сондай-ақ, жәрмеңке өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада 20 қыркүйектен 2 қарашаға дейін ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90133/)