![Бүлдіршіндер арасында «Бал-бала» байқауы жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40483.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан-Өскемен» телеарнасы 7 мен 10 жас аралығындағы бүлдіршіндер арасында «Бал-бала» байқауын жариялайды.
Байқауға қатысу үшін «Мен балды жақсы көремін» тақырыбына арналған фотосуреттер қабылданады.
Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталады. Сондай-ақ, балдырғандар «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының жарнамалық ролигіне түсу мүмкіндігіне ие болмақ.
Фотосурет және өтініштер bal_bala@list.ru электронды мекенжайы бойынша 2014 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүлдіршіндер арасында «Бал-бала» байқауы жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90169/)