![«Сәулетті Ақтауым» көрмесі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40527.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтаудағы «Өнер» арт-галереясында қалалық Жастар саясаты орталығынаң қолдауымен «Сәулетті Ақтауым» атты жас суретшілер көрмесі ашылды. Көрмеге 30 суретшінің туындысы қойылған. Мақсат – қаланың көркемдігін көрсету, деп хабарлайды lada.kz.
«Бұл көрмеге көптен бері дайындалдық. Бізге еліміздің батыс өңірінен да суретшілер келіп қосылды. Көрмеге қатысушылардың саны күннен-күнге артып келеді. Бұл - қалада талантты суретшілердің көп екенін көрсетеді», - дейді ұйымдастырушылардың бірі Аймұрат Таңатов.
Сондай-ақ, көрменің ашылу салтанатына қала әкімі Еділ Жаңбыршин қатыстып, жас суретшілерге әлі де қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Айта кетейік, көрме қала күніне орай ұйымдастырылып отыр. Қала қонақтары мен тұрғындар сағат 10:00 - 20:00 аралығында көрме жұмысын тамашалай алады.
Фото: lada.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Сәулетті Ақтауым» көрмесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90212/)