![«Алматы-Талдықорған» жолы еуропалық деңгейде салынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40546.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Алматы-Талдықорған» бағытындағы жол еуропалық деңгейде салынуда.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.
«Бүгінде Алматы облысында «Алматы-Талдықорған» жолы еуропалық деңгейде салынуда. Оның 118 шақырымы алты жолақты, ал, қалған бөлігі «1-А» санатындағы 4 жолақты жол болады. Бұдан бөлек, «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» дәлізінің жұмысы да қарқынды түрде жүруде», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы алдағы уақытта Үлкен алматылық айналма автокөлік жолы бойынша жұмыстар қолға алынатынын жеткізді.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алматы-Талдықорған» жолы еуропалық деңгейде салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90231/)