![«Тіл туралы» Заңға 25 жыл толуына орай гала-концерт өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40559.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан халқы тілдерінің ХVІ қалалық фестивалі аясында ҚР «Тіл туралы» Заңының қабылданғанына 25 жыл толуына орай, елордада гала-концерт өтеді.
Мерекелік шараға Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры әртістері мен Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір сынды әншілер қатысады.
Сондай-ақ, концертке зиялы қауым өкілдері, Мәжіліс депутаттары, ұлттық-мәдени орталықтар мен «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері, үкіметтік ұйымдардың басшылары мен жастар қауымы шақырылған.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Тіл туралы» Заңға 25 жыл толуына орай гала-концерт өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90244/)