![Алматыда «Мемлекеттік тілде сөйлеген әскердің рухы биік, айбыны асқақ!» атты дөңгелек үстелі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40568.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2014 жылдың 25 – 27 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет атқарып жатқан мемлекеттік тіл мамандары мен аудармашыларының республикалық оқу-әдістемелік жиыны болады.
Оқу-әдістемелік жиында «Мемлекеттік тілде сөйлеген әскердің рухы биік, айбыны асқақ!» тақырыбы аясында дөңгелек үстел және Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріндегі жергілікті ұлт өкілі емес әскери қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқау-сайысының ІІІ шешуші кезеңі өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Мемлекеттік тілде сөйлеген әскердің рухы биік, айбыны асқақ!» атты дөңгелек үстелі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90253/)