![Надежда Лушникова «Сіз не дейсіз?» хабарында](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40584.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақтың ауылының қызымын мен
Қырдағы бір құлпырдым қызыл гүлмен,
Ойнаймын самалымен кең даланың
Келемін кең далаға қызығумен...». Бұл өлеңнің авторы «орыс елі – өз жұртым, қазағым – менің мақтаным»,- дейтін Надежда Лушникова.
«Өзім қазақ мектебін бітірсем, қазақ ауылында өссем, қазақтан жар таңдасам, 4-5 ұрпақ өсірсем, мен қазақ емей кім едім», - дейді ақын.
Бүгін 23.30-да ақын, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Надежда Лушникова «Сіз не дейсіз?» хабарында қонақта.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Надежда Лушникова «Сіз не дейсіз?» хабарында&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90269/)