![Зарина Диас WTA-ның дауыс беру байқауында екінші орында келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40594.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық теннисші Зарина Диас әлем және Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің теннисшілері арасында жүргізіліп жатқан WTA-ның «Rising Star Poll» дауыс беру байқауында екінші орында келеді.
Алғашқы орында - австралиялық Оливия Роговска. Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева алтыншы орында тұр.
Әлем теннисшілері тобында алдыңғы орында Пуэрто-Рико теннисшісі - Моника Пуиг. Одан кейін швейцариялық Белинда Бенчич.
Ағымдағы апта бойынша теннисшілерге 140 елден 115 мың адам дауыс берген.
Дауыс беру 3 қазанда аяқталады. Жеңімпаздың есімі 9 қазанда жарияланады.
Қорытындысы бойынша, әр топтан ең көп дауыс жинаған екі үздік теннисші WTA-ның Сингапурде өтетін көрсетілімді турниріне бақ сынайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зарина Диас WTA-ның дауыс беру байқауында екінші орында келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90279/)