![«Шарайнада» - Үнді елі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40611.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел.
Ол – терең тамырлы философияның, өзіндік ізгі рухани мол мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі.
Мумбай – Үнді теңізіндегі Үндістанның басты айлағы және дүниежүзіндегі ең үлкен әрі жиі қоныстанған қалалардың бірі. Бүгінде Үндістанның экономикалық, қаржы, сауда, мәдениет және білім, сондай-ақ, кино индустриясының орталығы.
Бүгін 17.35-те «Шарайна» телесаяхатынан толығырақ көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шарайнада» - Үнді елі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90296/)