![Иса Ақбербаевтің келесі қарсыласы анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40663.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
IBO Intercontinental тұыжырым бойынша бірінші ауыр салмақтағы жеңімпазы қазақстандық Иса Ақбербаевтің келесі қарсыласы анықталды.
30 жастағы боксшы 1-ші қазан күні АҚШ-тың Санта-Моника қаласында америкалық Джоанни Сарранмен жекпе-жек өткізеді.
Джоанни Сарран – кәсіпқой рингте 12 жекпе-жек өткізген. Бес жекпе-жегін жеңіп, бір кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Жеті кездесуде жеңілген және үш жекпе-жегінде нокаутқа ұшыраған.
Ал, Иса Ақбербаев - кәсіпқой рингте 12 жекпе-жек өткізген. Қарсыластарын 12 кездесуінде жеңіп, сегіз қарсыласын мерзімінен бұрын ұтқан. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегінде кениялық Моррисо Околоны мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Фото: vk.com/akberbayev
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Иса Ақбербаевтің келесі қарсыласы анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90348/)