![Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезі 2015 жылы Астанада өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40673.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезі 2015 жылы Астанада өтеді.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлімдеді.
«Дәстүрлі және әлемдік діндердің конфессия өкілдерімен жан-жақты талқылау барысында 2015 жылдың маусым айында Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезін өткізу туралы шешім қабылданды», - дейді вице-министр.
Съезд тақырыбы - «Бейбітшілік пен даму жолындағы діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің диалогы».
Вице-министрдің айтуынша, Съездің барлық секциясының тақырыбы бекітіліп, соған сай келесі Хатшылықты өткізу уақыты анықталды.
«Хатшылықтың 14-ші отырысы 2015 жылдың 9-маусымында өткізіледі. Дайындық жұмыстары басталып кетті, енді жұмыс тобы іске кіріседі», - деді М.Әзілханов.
strategy2050.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезі 2015 жылы Астанада өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90358/)