![«Таңшолпанда» - Қанат Ислам](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40694.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақтың мақтанышы, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «Таңшолпанға» сұхбат берді.
«Медеу» мұз айдынының маңын жаттығу жасауға ыңғайлы деп тапқан боксшы: «Шетелде жүргеніме 5 ай болды. Тау көрмейсіз. Ауа райы басқа. Шынын айтқанда, осы тауды сағынамын. Елге келген бетте тауға бір жүгіріп шығу – менің әр жолғы ұстанған әдетім», - дейді.
Өзімен бірге жаттығуға кішкентай ұлы Мансұрды ерте келген Қанат: «Тауға, далаға шыққан жаттығуларымның бәріне ертіп жүремін. Себебі, туған жерінің осындай көркем, керемет екенін көріп өскен баланың туған елге, жерге деген құрметі ерекше болады, деп ойлаймын»,- дейді.
Былғары қолғап шеберінің бір күні қалай өтеді? Бұл турасында ол: «Таңғы сағат 04.30-да оянып, 05.00-де жаттығу басталады менде. Екі сағат жаттығу жасаймын. Сосын аздап демалып алған соң, қайтадан түскі жаттығуға кірісемін. Кейде күніне 3 мезгіл, кейде 2 мезгіл жаттығу болады. Ал, жарыстың алдында тіпті қарбалас болып кетеді. Жарыстан кейін де көп демалуға болмайды»,-дейді.
Боксшының алдағы жоспары қандай? «Таңшолпаннан» көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпанда» - Қанат Ислам&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90379/)