![«Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті ерте сатып алған жолаушыларға жеңілдік жасалады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_40697.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 қазаннан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті ерте сатып алған жолаушыға 35 пайыздық жеңілдік жасалады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Тұлпар-Тальго» пойыздарына баға қалыптастырудың қарқынды жүйесі мына бағыттағы пойыздарда енгізіледі: 19/20 Астана - Атырау, 87/88 Ақтөбе - Астана, 79/80 Астана - Шымкент, 77/78 Алматы - Атырау, 49/50 Алматы - Ақтөбе, сондай-ақ, жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған бағыттарда: 89/90 Астана - Қызылорда, 67/68 Астана - Защита (Өскемен қаласы), 69/70 Алматы - Защита (Өскемен қаласы), 35/36 Алматы – Шымкент, деп жазады astana.gov.kz сайты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Тұлпар-Тальго» пойыздарына билетті ерте сатып алған жолаушыларға жеңілдік жасалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/90382/)